Болған уақиғаға өкініш білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

 

 Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 191 бабының 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) айыпталған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 1 тамыз 2017 жылы К. «www.kolesa.kz» интернет сайтында сатылатын скутер-мопедтер тізімін қараған, соңынан К., скутер-мопедтің иесіне көрсетілген номерге қоңырау шалып, сатып алу ойы бар екенін, сонымен қатар сатып алардан бұрын скутер-мопедті көргісі келетінін хабарлаған. Соңынан, Н-мен кездесу уақытын 20.30-ға белгілеген. К. аталған скутер-мопедті көріп, Н-ге сатып алғысы керектігін айтып, бірақ өзінде ақшасының жоктығын, ақша алу үшін анасының үйіне бару керектігін хабарлаған. К. мен Н., бірге  К-ның анасының үйіне ақша алу үшін барып, Н. сол үйдің ауласында болған. Сол уақытта Н., өзінің үйіне қайту керектігін айтқан. Сол сәтте К., скутер-мопдтің оталып тұрғанына көз жеткізіп, рульге отырып жылдамдықты асыра қозғала бастаған. Өз кезегінде Н., К-ны тоқтату мақсатында жармасқан, алайда К. күштеп Н-ді итеріп жіберіп бағасы 250 000 теңге тұратын скутер-мопедпен белгісіз бағытта оқиға орнынан ұрлап, ғайып болған.

Сот отырысында сотталушы К. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, болған оқиғаға өкініш білдірген.

 

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 1 бөлігімен айыпталған К-ға қатысты қылмыстық ісі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1бөлігіне сәйкес, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатыла отырып қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.          

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты
Пікірлер мен ұсыныстар