Бірлескен шешім қабылданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Б.Тәжіхановтың бастамасы бойынша Алматы қалалық прокуратура өкілдерінің қатысуымен: «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»  атты тақырыпта Алматы қаласы №21 мектеп - гимназиясының ғимаратында мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуге мамандандырылған ауаднаралық әкімшілік соты судьсы А.Исабаева, Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасының  бөлім прокуроры Ч.Оспанқұлов және Әуезов аудандық прокуратурасының  бөлім прокуроры  Т.Сағындықов   қатысты.

Кездесуде сот өкілдері мен прокурорлармен  жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстылық жауапкершіліктері жайлы түсіндірілді. Кәмелетке томаған жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған сатистикалық мысал келтіріп өтті. Алматы қаласы №21 мектеп гимназиясының ғимаратында мектеп оқушыларының әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы өздерін қызықтыратын қойған сұрақтарына толық жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп әкімшілігімен жоғары сынып оқушылары іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Сөз соңында оқушыларға табыс тілеп, алдағы 2017-2018 жылғы оқу жылындада осындай іс шаралар өткізуді сөз етті.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты