Бірлескен қызмет туралы келісім шарты бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Ұлттық лотерея Астана ЭКСПО-2017» ЖШС-нің жауапкер «Kazakhstan Lottery Service»ЖШС-гі арасында жасалған келісім шартты бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдары бойынша, талапкер мен жауапкер арасында өзара құқықтық қарым қатынастар «Expolotto» Ұлттық лотереясын өткізу келісімінің шарттары негізінде пайда болған.

Іс материалдарынан, келісімнің 3.1.1 тармағына сәйкес талапкер «Ұлттық компания «Астана ЭКСПО-2017» АҚ-ның тауарлық атауын жауапкерге қолдану құқығын берген, бірақ жауапкер ұйымның тауар белгісін заңсыз, лицензиялық келісім жасаспай пайдаланғандықтан, ұйымның қызметіне залал келтірген, сот отырысында бұл факт жауапкер өкілімен мойындалды.

Көрсетілген факт бойынша талапкер Мемлекеттік кірістер департаментіне, экономикалық тергеу қызметіне қылмыстық құқықбұзушылық туралы және ҚР ҚК 222 бабына (тауар белгісін заңсыз пайдалану) сәйкес кінәлі уәкілетті тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талап арызымен жүгінді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі