Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде деп саналсын

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айыптау бойынша Б-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

2016 жылдың қаңтар айының басында Б. алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру және алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында, интернетке Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарға қызмет көрсету туралы жарнаманы берген. Осы хабарландыру бойынша одан К. көмек сұрады, және 362 010 теңгедей бастапқы төлемді берді. Аталған сомаға олар несие беру туралы келісімді толтырған. 2016 жылдың мамыр айында Б. мыс тұруға рұқсат алу үшін әрекетті аяқтауға жәбірленуші К-дан тағы да 720 852 теңге алған.

Бірақ, өзінің міндеттерін атқаратын ойы болмағандықтан, Б. жәбірленуші К-ға 1 082 862 теңге көлемінде сомаға материалдық залал келтірген.

Сот мәжілісінде жәбірленуші сотталушымен татуласып, оған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаны тағайындауды сұрады.

Сот Б-ны ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚР-ның «Рақымшылық туралы...» Заңның 4-бабы 2-бөлігін қолданып, тағайындалған жазанын төрттен бір бөлігін қысқартып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты түрде деп саналады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі