Банкрот деп танудан бас тартты.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «A-D»ЖШС-гін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, «A-D» ЖШС-гі Алматы қаласы әділет Департаментінің Жетісу ауданының әділет басқармасында тіркелген. Қызметінің негізгі түрі болып нақтыланбаған түрдегі кең ауқымдағы тауарларды көтерме саудалау. Меншік түрі – жеке. Жалғыз қатысушысы және басқарушысы – Б. болып табылады.

Жалғыз қатысушының шешімімен «A-D» ЖШС-гін төлемге қабілетсіздігіне байланысты банкрот деп тану мәселесі бойынша сот органдарына жүгіну туралы шешім қабылданған.

 Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес, борышкерді сот тәртібімен банкрот деп тану үшін оның қабілетсіздігі негіз болып табылады, қабілетсіздік фактісін анықтау кезінде борышкердің орындау мерзімі келген және қабылданған, орындалудағы міндеттері есепке алынуы қажет.

Уақытша басқарушының қорытындысы, борышкердің соңғы үш жыл ішіндегі қаржылық есеп сараптамасының негізінде, бойынша, борышкердің 12 кредиторлары бар,  34 414 700 теңге,  4 651 533 ресей рублі және 44 919 974 АҚШ доллары талап сомасымен.

Уақытша басқарушының қорытындысына сәйкес, банкроттық рәсімін бастауға негіз жоқ, сонымен бірге борышкер төлемге қабілетсіз және оңтайландыру рәсімін қолдануға негіз бар.

Осыдан бөлек, сотпен анықталғаны, осы күнге дейін борышкерде 3 550 000 теңге көлемінде активтері бар.

 Сот шешімімен  талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.