Баласының ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы)  айыпталған азаматша П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша П.-ның 06.09.1998 ж.т. кәмелетке толмаған баласы, 19 сәуір 2016 жылы сағат 00-30 шамасында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде  атап айтқанда Алматы қ. Алатау ауданы, Заря Восток ықшамауданында Маметов пен Жансугуров көшелерінің қиылысында болған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы П. ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігі  бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде мемлекет пайдасына 15 АЕК, сомасы 31 815 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қайнар: 
Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі