Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбаны сот ғимаратында алуы мүмкін

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтарға  электрондық цифрлық қолтаңба (әрі қарай - ЭЦҚ) беру қызметі жүзеге асырыла бастады.

Пилоттық жоба сот ғимаратында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттіккорпорациясыныңқызметкерлерімен ЭЦҚ беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуді көздейді. Азаматтар сотта тікелей электрондық цифрлық қолтаңбаны алады, ол үшін сот ғимаратында тұрған ХҚКО қызметкеріне жүгінуі қажет.

Қолын алғаннан кейін өтініш беруші бірден сот кеңсесі қызметкерінің көмегімен «Сот кабинеті» сервисі арқылы өз талап-арызын немесе өзге де арызды сотқа жіберу, талап-арыздың қозғалысы, қаралуы, сот актілерімен танысуды, шағымдануды өзінің жеке кабинетінде қадағалауға мүмкіндік алады.

Сотта ЭЦҚ алу қызметі ХҚКО-да алынған қызметпен тең және сотқа жүгінуді жеңілдету мақсатында қолданылады.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының№2 аудандық соты