Автокөлікті тізімнен шығару туралы талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер «С»-тің жауапкер Д-ға берген автокөлікті тізімнен шығару туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, азаматша «С» атында Toyota Raf 4, нөмірі ASVM атты  автокөлік тіркелген. Аталған автокөлік 2002 жылы ұрланған, осыған орай қылмыстық іс қозғалған.

Талапкер өз талап арызында келесіні көрсеткен, автокөлікті тізімнен шығырмағаны үшін, ол салық төлеуге мәжбүр. Сол себептен, жауапкердің іс-әрекеті заңсыз деп ойлайды. Алайда, сот ондай түсініктемелерді дұрыс деп қабылдай алмайды, себебіавтокөліктерге тыйым салу ережесінің 19 тармағына сай, Қазақстан Реуспубликасына шет елден келген автокөліктерді қайта шет елге шығару уақыты ЕИС тіркелуі міндетті. Әлдебір өзгерістер, арнайы өкілетті оргамен берілген құжаттармен қаралады.

Талапкермен, арнайы өкілетті органға тиісті құжаттар ұсынылмаған, сол себептен, автокөлікті тізімнен шығаруды қанағаттандырусыз қалдырылғаны заңды.

Осыған орай, жауапкер, азаматша «С»-тің арызын қанағаттандырусыз қалдыра отырып, құқықты нормативті актілерге, өз өкілеттілігіне сай  жұмыс атқарды. АІЖК-нің 227 бабының 2 тармағына сай, сот арызды қарау кезінде дауланып отырған әрекеттің әрекетсіздіктің құзіретке және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалғанын, шешімнің қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады.

Алматы қаласы Алмалы ауданының  №2 аудандық сотының шешімімен талапкер «С»  жауапкер Д-ға берген автокөлікті тізімнен шығару туралы талап арызы қанағаттандырылусыз қалдырылды. 

Шешім заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі