Атыс құралын заңсыз иемденгені және алып жүргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында Ч. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігімен (атыс құралдарын заңсыз иемдену, тасымалдау, сақтау, өткізу немесе сату) айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 3 қаңтарында Алматы қаласы Жетісу ауданының ІІД-нің қызметкерлерімен жедел-ісздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Макаров пистолеті» маркалы атыс құралы мен бірге 15 дана оқ-дәрілерді заңсыз иемденіп, заңсыз тасымалдағаны үшін  күдікті Ч. ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушы Ч. тағылған айып бойынша кінәсі толығымен мойындады.

Сот үкімімен Ч. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287 бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп табылып, оған осы бап бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты