«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алмалы аудандық сотында  Алматы қаласының Жоғары оқу орындарының заң факультетінің студенттеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Алматы қаласы аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университетінің жанындағы колледж студенттері  іс-шараға қатысты.

Қылмыстық сот пен іс жүргізу тәжірибелік тәжірибені арттыру мақсатында Алмалы аудандық сотының кеңсе маманы Т. Молдаханов колледж студеннтеріне мұрағаттың жұмысын көрсетті.

Келешек заңгерлер уақытша және тұрақты мұрағат кабинетке барып, мұрағатшының негізгі міндеттерімен, мұрағат жүргізу нұсқаулықпен танысты. кеңсе маманы Т.Молдаханов қылмыстық істер қалай құрастырылатынын көрнекі түсіндірді, сот қаулысының немесе сот үкімінің заңды күшіне ену мерзімдерін айтып берді, заң күшіне енген сот үкімдерін орындау жағдайларын  ұғындырды.

Елбасы белгіленген Қазақстан Респбликасын дамытудың басым бағыттарының бірі - жастардың саясаты, оның ішінде білім аймағын, жақсарту және жетілдіру болып табылады. Өткізілетін іс-шаралар жастардың арасында сот жүйесіне сенімді нығайту және сот жұмысымен өз тәжіриберлерінде танысу  мүмкіндіктерін жасайды.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты