Ашық есік күні өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында Алматы қаласының ауданның сотқа келушілердің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. 

 Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сот төрағасы сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізілді. 

Ашық есік күні Медеу ауданының С. пен Ш. тұрғындары келіп  қылмыстық істер мен материалдарды қарау тәртібі бойынша түсініктеме беруін  сұрады. Соттың төрағасы Д.Н. Мәукеев Қылмыстық процессуалдық кодекстің нормалары бойынша, оның ішінде істі қарау мерзімі, қаулы мен үкімнің  заңды күшіне ену мерзімдері, арыздарды беру тәртібі, апелляциялық және кассациялық шағым беру тәртібі мен мерзімі, қылмыстық істі кең түрде келісімдік және қысқартылған тәртіпте қарау туралы түсініктемелер беріп, оларға жауап қайтарды. Сонымен қатар сот төрағасы арыздарды «Сот кабинеті» электрондық желісі арқылы жіберу мүмкіндігі туралы, сот отырысын аудио- бейне жазба жолымен жүргізу туралы, сотқа қатысушыларды СМС хабарлама жіберу арқылы сот процесіне шақыру туралы айтып өтті және бөлек санаттағы дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен міндетті түрде татуластыруды еңгізу тәртібі түсіндірілді.         

Ашық есік күні аяқталған кезде сотқа келушілер сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты жұмыспен танысқандарына өз алғыстарын айтты. 

Қайнар: 
Медеу ауданының №2 аудандық соты