Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында НАРХОЗ университетінің заң факультеті студенттеріне Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында сот  Б.Бакирбаев студенттерге Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының тарихын, қаралатын қылмыстық істердің ерекшеліктерін, сот жүйесі жайлы, судьялыққа үміткерлерді таңдау принциптері, соттарда қолданатын ақпараттық технологиялар және т.б. айтып кетті. Таныстыру барысында студенттер көптеген сұрақтар қойды,атап айқанда қылмыстық істерді қарау тәртібі жайлы.

Ашық есік күні шеңберінде болашақ заңгерлер келешекте сот ісін жүргізілуіне қатысуға қызығушылық білдіріп, практика өтуге талпыныстарын білдірді.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты