Арнайы мектепке барды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы қаласының «Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымы» КММ-де  кездесу іс-шарасын өткізді.

Соттың судьялары кәмелетке толмағандардың  дұрыс жолға түсуі бойынша олармен әңгіме жүргізді, және де олардың мекемеге келу себептері мен мақсаттарын, аталған мекемеде болудың мерзімінен бұрын қысқартудың  негіздері мен тәртібін  түсіндірді.

Судьялардың кәмелетке толмағандармен әңгімелесуіне байланысты мекеменің басшысы алғысын білдіріп,  осындай кездесулер кәмелетке толмағандарды дұрыс жолға түсіру мен оларды қайта тәрбиелеуге оң әсерін тигізіп, негізгі қойған мақсатқа жетуге көмек болатыны жөнінде атап өтті.  

Қайнар: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі