Алматы қаласының жедел шұғыл көмек көрсету аурухананың дәрігерлеріне қатысты үкім жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамау немесе тиiсiнше орындамауының нәтижесінде адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер жасаған деген айыппен сотқа берілген сотталушылар Ж.Сулейменовқа, М.Байниязовқа, Б.Бектурсиновқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

2012 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласы Төле би және Фурманов көшелерінің қиылысында «Мерседес» және «БМВ» маркалы көліктерінің қатысуымен жол көлік апаты орын алды. Жол апатының салдарынан оқиға орнында «Мерседес» көлік құралындағы жүргізуші мен жолаушылар көз жұмды, ал «БМВ» көлігінің алдыңғы жолаушы орнында болған Д.Агишева ауыр жарақаттар алған. Оқиға орнында болған куәгерлер соңғыны көлік салонынан шығуына көмек көрсетіп, телефон арқылы жедел жәрдем көрсету бригадасын шақырған. Бірнеше уақыттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем көрсету бригадасы келген. Дәрігер жапа шеккен Д.Агишеваны қарау барысында, оның ауыр хальде жатқанын анықтаған. Содан кейін, жедел жәрдем бригадасы жапа шеккен Д.Агишеваны Алматы қаласының ЖШККА-на тасымалдаған.

Жеткізілген уақытта науқас Д.Агишева өте ауыр хальде болған. Науқас ауыр хальде түскен кезінде осы емдеу мекемесінің дәрігерлері мен медбикелері жауапты болып табылады. Алайда жауапты дәрігерлер Ж.Сулейменов, М.Байниязов, Б.Бектурсинов өз кәсiптiк мiндеттерiне салғырт және ұқыпсызқарауына байланысты, науқас Д.Агишеваға уақытылы және тиісті медициналық көмек көрсетілмеуінің нәтижесінде, соңғы медициналық мекемеде қайтыс болған.

Сот Ж.Сулейменовты, М.Байниязовты, Б.Бектурсиновты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 114-бабының 4-бөлігімен (Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiне ұқыпсыз қарауы) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасының 71-бабына сәйкес қылмыстық жауаптыллықа тартудыңескіру мерзімінің өтуiне байланысты сотталушыларды қылмыстық жазадан босатты.

Жәбірленуші Ф.Агишевтың моральдық зиынды талап ету туралы азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырды. Сот сотталушылардан теңдей жәбірленушінің пайдасына 2 269 000 теңге моральдық зиянды өндірді. 

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі