Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1 бөлігі (адам өлтіру) бойынша жасаған қылмысы үшін Л.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны 2016 жылдың 25 наурызында, сағат 11.30 шамасында үйдің ішінде спиртті ішімдіктерді ішу барысында Л. мен жәбірленуші Р.-ның арасында  сөзге келіспеушілік туындап, төбелеске ұласқан. Осыған орай Л. балғамен қаруланып, жәбірленуші Р.-ның басынан ұра бастаған. Алынған жарқаттардан соңғысы оқиға болған жерде қайтыс болған.

Сот отырысында сотталушы Л.өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен Л.-ға Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1 бөлігімен 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі