Алматы қаласының Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 4 айлық қорытындысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасы С.Төлегеновпен және сот судьялары мен сот мамандарының бірлесіп қатысуымен сот төрелегін жүзеге асыру сапасын арттыру мақсатында жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында сот төрағасы С.Төлегенов 2016 жылдың өткен 4 айы бойынша кеңсе жұмысында және сот төрелігін жүзеге асыру барысында орын алған қателіктер мен кемшіліктерді айтып өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша судьяларға азаматтық істерді қарау мерзімдерін сақтауды, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту жұмыстарын жасау тапсырылды және кеңсе меңгерушісі Қ.Тулесбаевқа сот кеңсесінің жұмысын арттыру, сотта еңбек және қоғамдық тәртіптерін сақтауды тұрақты бақылауға алу тапсырылды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі