Алматы қаласының Алатау аудандық сотында банк пен борышкер арасындағы дау медиация тәртібімен шешілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында банк пен борышкер арасындағы дау медиация тәртібімен шешілді.

Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ұйғарымымен «Темірбанк» АҚ-ның жауапкер Ш. Бас келісім шарт бойынша несиеге алған ақшаны өндіру туралы талап арызы медиация тәртібімен шешілді.

«Темірбанк» АҚ-ы Бас келісім шарт жасау арқылы несие алушы Ш. 97 300 АҚШ долларын 120 айға, жылдық 16% сыйақысымен «NON-STOP  Блиц» несиелендіру бағдарламасы шеңберінде несие берген. БКШ-тың 1.10 тармағына сәйкес несиені қайтару және пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу осы бас келісім шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс болатын. Бірақ, несие алушы Ш. банк алдында несиені қайтару туралы өз міндеттерін бұзғаны үшін талапкер «Темір банк» АҚ-ы бас келісім шарттың шарттарына сүйене отырып, борышкер Ш.-дан қарыз ақшаны өндіру үшін талап арызбен сотқа жүгініп, 12 990 154,17 тенге қарыз ақшаны және 389 705 теңге төленген мемлекеттік баж салығын өндіруді өтінді.

Сот талқылауы барысында тараптар осы дауды медиация тәртібімен шешуді жөн санап, медиатордың қызметіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты және ол келісім соттың ұйғарымымен бекітілді.