Алматы қаласында медиация институтының дамуы бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Достық үйінде «этномәдени бірлестіктерінің арасында медиация институтының дамуының ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Халықаралық құқыққорғау орталығының» 20 жылдығына  арналған.

Іс-шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасының орныбасары А.Хамедова, этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, Алматы қалалық сотының судьясы Г.Қожаханова, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының өкілдері, МЕҰ-ның басшылары және «Халықаралық құқыққорғау орталығының филиалдарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында, этномәдени бірлестіктерінің арасында туындаған дауларды сотқа дейін шешу жолдары, бітістіру рәсімін жүзеге асыру бойынша құқық қорғау органдарымен, соттармен және басқа мемлекетттік мекемелермен байланыс орнату мәселелері талқыланды.

Қоғамдық бірлестіктің 20 жылдық мерейтойына орай, шараны ұйымдастырушылар медиаторларға арнап семинар өткізді. 

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі