Алматы қаласы соттарына Дүниежүзілік Банк делегациясы келіп шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әділеттілік  секторын Институцианалдық нығайту пилоттық жоба аясында Дуниежүзілік Банкінің өкілдері Алматы қаласы ауданаралық экономикалық сотында және Алматы қаласы Алмалы  2 аудандық сотында болды.

Дүниежүзілік Банкі делегациясының  құрамында мемлекеттік басқарудың бас маманы Амитабха Мукерджи,  мемлекеттік басқарудың  аға маманы Валид Малик, мемлекеттік басқарудың   маманы Алма Нуршаихова,  Жобаны іске асыру мақсатында құрылған қолдау тобының жетекшінің орынбасары  Арлан Ержанов. Кездесуде Жоғарғы Соттың  ұйымдық-құқықтық  бөлімінің жетекшісі Асель Аралбаева, сонымен қатар Алматы қалалық соты әкімшісінің орныбасары Зульфия Баки.һ қатысты.

Дүниежүзілік Банкі өкілдерінің ресми сапары  Әділеттілік  секторын  Институцианалдық нығайту пилоттық жоба  іске асыру аясында мүмкін болды. Бұл мақсатпен  жобаның  әкімшісі Әділет Министрлігімен  Жоғарғы Соттың ұсынысымен  Алматы мен Астана қалаларында сонымен қатар Қазақстанның ең жоғарғы жуктелген төрт қаласындағы  пилоттық соттарды  тағайындады.     Жоба негізігі бес компоненттен тұрады, оның ішінде  әділеттілік секторында кең-ауқымды қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға институционалдық көмек көрсету көзделіп отыр.

Іс-шара барысында  екі сот төрағаларымен , судьялармен, кеңсе мамандарымен  танысу кездесуі өткізілді. Сонымен қатар қонақтар сот ғимаратын қарау барысында сот отырысы залдарымен, қоғамдық  орнымен, судьялардың  және кеңсенің  кабинетерін  көріп танысты.

Жақын арада жобаның әкімшісімен  жеке кеңес берушілерді тарту болжануда,  әр пилоттық соттарға бір кеңес беруші мен бес көмекші бөлу көзделіп отыр.Қазіргі таңда осындай тәжірибе Астана қаласының сотында іске асырылуда.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі