Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік тіл аясындағы –өзекті мәселелер» тақырыбында дөнгелек үстел өтізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөнгелек үстелге Бостандық ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ж.С.Бекжанов, судья Т.А. Кұдабаев, аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е.Абсатов, Алматы қаласы ІІД АБ бастығының орынбасары Ж.Гайыпов, Алматы қаласы ІІД ТБ-ның тергеу бөлімі бастығының орынбасары Ә.Салаев, Бостандық ауданының ІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы Д.Мамытов, ІІБ жанындағы ПБ-нің тергеу бөлімі бастығының орынбасары Н.Өмешбаев және сот мамандары қатысты. Шараны ашқан сот төрағасы Ж.С Бекжанов өз сөзінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, соттардағы іс жүргізу мемлекеттік тілде  іске асырылатындығы туралы айтты. Аудандық соттың судьясы Т.Құдабаев сотта мемлекеттік тілді қолдану және дамыту туралы атқарылып жатқан жұмыстар туралы және мемлекеттік бағдарлама барысында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау ұйымдастырылып жатқанын айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілді қолдану және дамыту мәселелері бойынша  бір-бірімен пікір алмасты. 

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі