Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «Медиация рәсімі және медиатордың даулар мен алауыздықтарды шешуге арналған құралдары» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
   Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық ұйымының қатысуымен «Медиация рәсімі және медиатордың  даулар мен алауыздықтарды шешуге арналған құралдары» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді.
   Семинар Алмалы аудандық сотының судьялары мен мемлекеттік қызметшілері үшін өткізілді. Семинарды кәсіби тренер-медиатор, «Қазақстан медиаторларының ассоцияциясы» заңды тұлғалар қоғамының бас директоры, ТМД Экономикалық Сотының жанындағы дауларды шешу бойынша Халықаралық орталығының делдалы Жанділдә Жақұпов өткізді.
  Іс-шараның өткізілуі барысында тренер даудың түрлері мен функцияларын түсіндіріп өтіп, даулы жағдайлардың туындауы мен оларды шешу мысалдары бойынша талдау жүргізді. Қойылған сұрақтарға қатысты келіссөздер процестері мен медиативтік технологиялары бойынша білімдердің қолданылуына сәйкес дауларды шешу түрлері талқыланды.
  Аталған шаралар судьялардың қылмыстық және азаматтық процестік заңнамаларының жаңа нормаларына сәйкес тиімді татуластыру рәсімдерін өткізулері үшін бағытталған. 
   Семинарлық оқытулар Алматы қаласының аудандық және оған теңестірілген соттарда жалғасады.
 
Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі