Алматы қалалық сотында «Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында сот бақылауының даму келешегі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы қалалық сотында Алматы қалалық адвокаттар алқасымен  өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған  Меморандум аясында «Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында сот бақылауының даму келешегі»  атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы  Н.Абдиқанов, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Қараманов, қалалық сот судьялары, Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілдері, аудандық және оған теңестірілген соттар судьялары.

Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Абдиқанов  аталмыш дөңгелек үстел қатысушыларына алғы сөзі білдіріп,  бұл тақырып мәселелердің талқылануы қылмыстық процесстегі адам құқықтарының қорғалуы мен заң үстемдігінің қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.

Өз баяндамасында Алматы қалалық сотының судьясы Е.Кенебаев қылмыстық процесстің  модернизациялау сұрақтарында және құқық қорғау іс әрекеттерінің аспектілерін жетілдіру мәселелерін талқылады. Негізгі бағыт  қылмыс құқықбұзушылықта күдіктіні процессуалдық  ұстау мерзімін қысқарту,электрондық қылмыстық іс-жүргізуді енгізу, азаматтар құқықтарын қорғау деңгейін жоғарлату әрі жетілдіру, сот бақылауының өкілеттіктерін кеңейту, құқық қорғау органдарының  тәжірибесінен дәлелдемелерді жинау шеңберінен асатын іс әрекеттерін  алып тастау, шағын ауырлық қылмыстық қылықтар  үшін қылмыстық іс жүргізуді  бұйрық өндірісі ретінде жеңілдету.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы өкілдерінің сөз сөйлеуінде, сотқа дейінгі сатыдағы тергеушілердің іс-әрекеттеріне  яғни тергеу әрекеттерін санкциялауына байланысты  шағымдардың қаралуы. Ерекше назар адвокаттардың  заң көмегі  үшін төленетін  ақыға бөлінді.

Іс-шараның  қорытындысында дөңгелек үстел қатысушылары осы саладағы жұмыстың әрі қарай дамуына, жетілдіруіне бағытталған  ұсынымдар мен ұсыныстарды талқылады.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі