Алматы қалалық сотында Еуразиялық экономикалық одағы сотының төрағасының орынбасарының қатысуымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қалалық  сотында «Ел одактары арасында экономикалық ынтымақтастықты дамытуда ЕАЭО сотының рөлі, заңнамада халықаралық нормаларды құқықтық қолдану практикасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін Алматы қалалық сотының Оқу орталығымен ұйымдастырылды.

Іс-шараны оқу бағдарламаларды үйлестіруші-судья Б.Кәрібжанов ашты. Амандасу сөздерінен кейін, Еуразиялық экономикалық одағы сотының төрағасының орынбасары Ж.Баишев баяндамасымен сөз сөйледі.

Баяндамасында ол ЕАЭО сотының негізгі ережелері, құзыреті және міндеттері жайлы айтып, халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастығын көрсетті, сондай-ақ ұлттық соттардың құқыққолдану практикасын қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

 «Соттың екі жарым жылдық қызметінде бірінші саты бойынша 17 арыздар түскен, оның ішінде өндіріске қабылданғаны 12 арыз, 4 арыз өндіріске қабылдаудан бас тартылған, 1 арыз қайтарылған. Бірінші саты бойынша сотта 8 іс қаралған, оның 5-нің шешімі шығарылған және 3-не консультациялық  қорытынды берілген», - деп Ж.Баишев, Сот қызметіне статистикалық мәліметтерді келтіре отырып өз баяндамасында көрсетті.

Семинар барысында жергілікті соттармен сот актілерінде халықаралық ратификацияланған келісімшарттарды қолдану мәселелеріне қатысты сұрақтар талқыланып, ЕАЭО Сотына субъектілердің өтініштерінің нақты мысалдары, оларды қарау қорытындылары қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша аудандық сот судьяларына Еуразиялық Экономикалық сотының шешімдерін халықаралық деңгейде түсіндіруге және халықаралық құқық нормаларын қолданумен байланысты дауларды қарауда ортақ практиканы құру ұсынылды.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі