Алкогольдік өнімді заңсыз өткізгені үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР-ның ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

21 ақпанда 2017 ж. сағат 22.20 шамасында Алматы қаласы Түрксіб аудандық АІІБ қызметкерлерімен жедел іс-шара өткізу барысында азаматша А. Алматы қаласы Акан Сері көшесі 143 үйде орналасқан жеке кәсіпкер Сыдыковаға тиесілі «Лаура» дүкенінде бола тұра, 21 жасқа толмаған Т.-ке «алькогольдік» сырасын сатқан, атап айтқанда 150 теңгеге бағаланған 1 бөтелке «ДК» алкогольдік  ішімдігін сатқаны анықталған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы А.   10 айлық есептік көрстекіш, яғни   22 690  теңге көлемінде айыппұлға және 2 ай мерзімге алкогольдік өнім сату қызметін тоқтата тұру жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты