Алкогольдік ішімдікті заңсыз өткізгені үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 200 бабы 1 бөлігі бойынша А-ға  қатысты әкімшілік істі қарады.

14 наурызда 2017 жылы, сағат 23.50 шамасында, Алматы қаласы, Саина көшесі 8 үйінде орналасқан Жансая дүкенінде, азамат Т.Б.Коянбаевқа  «Тайга» маркалы 40% арақты бір шөлмегін 850 тенгеге 23.00 сағаттан кейі сатылған. Осындай әрекетпен жеке кәсіпкер О.-ға қатысты  14 наурыз 2017 жылы  ӘҚБтК-нің 200 бабының 3-бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық жасалынғаны анықталды. 

Сот қаулысымен құқықбұзушы О. әкімшілік құқықбұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру түрінде,   40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 90 760  теңге айыппұл салуға, лицензиясының күшін 2  күнге тоқтатуға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты
Пікірлер мен ұсыныстар