Алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында  ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін Х.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, Х. қаңтар айында «Қуандық» атты тергеумен анықталмаған тұлғамен бірге К.-ға қатысты жалған жеке куәлік жасады. Ары қарай Х. «АТФ Банк» АҚ-на және «ForteBank» АҚ-на келіп, К.-нің жалған жеке куәлігін көрсету жолымен «АТФ Банк» АҚ- нан 3 885 586 теңге сомасында және «ForteBank» АҚ–нан 3 000 000 теңге сомасында банктік қарыз алуға өтінімдерді рәсімдеген. Ары қарай Х. «Қуандық», «Нариман», «Канат» атты тергеумен анықталмаған тұлғалармен бірге 3 885 586 теңге мен 3 000 000 теңге сомасында құпталған банкілік қарызды алу мақсатында «АТФ Банк» АҚ-на және «ForteBank» АҚ-ның бөлімшелеріне келген. Сөйтіп өздерінің қылмыстық әрекеттерімен «АТФ Банк» АҚ-на және «ForteBank» АҚ–на ірі мөлшерде материалдық залал келтірген.

Ары қарай Х. «Альфа Банк» АҚ-ның ғимаратында К.-ның жалған жеке куәлігін көрсетіп 2 600 000 теңге сомасында банктік қарызды рәсімдейді. Сол күні оған банктік қарыз алу құпталды. Ары қарай Х.  «Қуандық», «Нариман», «Қанат» атты тергеумен анықталмаған тұлғалармен бірге 2 600 000 теңге сомасында құпталған банктік қарызды алу мақсатында «Альфа Банк» АҚ- ның бөлімшесіне келген. Алайда банктің қауіпсіздік  қызметінің қызметкері Х.-дан күдіктеніп, оның берген жеке куәлігінің суреті мәліметтер базасындағы суретпен сәйкес келмейтінін, яғни жалған екенін анықтады. Х. банк ғимаратынан  қашып кетуге оқталған кезде, қауіпсіздік  қызметінің қызметкелерімен ұсталды. 

Сот отырысы барысында Х. өз кінәсін толық мойындады.  

Сот үкімімен Х. ҚР ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағы, 24 бабының 3 тармағы 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркілеумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесінде өтеу тағайындалды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты