Ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы енгізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласы Алатау аудандық сотында «Атқарушылық істі қозғаудан бас тартылу себебі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға  Алматы қаласы регионалдық палатасының жеке сот орындаушылары, Алатау аудандық соттың судьялары, Әділет департаментінің өкілі, кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары және Алатау ауданының бөлім прокурорының  қатысуымен өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, сот төрағасы Д.Тілеубаев  2016 жылдан бастап  республика соттарында  «Төрелік» ақпаратық жүйелері мен  АІЖО ААЖ (атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған  ақпараттық жүйесі)   интеграциялық ынтымақтастық енгізілгенін атап өтті.

Бірінші кезекте инновацияларды  іске асыру нәтижесінде атқарушылық құжаттардың жоғалуы, уақыттың қысқаруы,  сот орындаушысының ұсыну үшін қажетті уақыт болуы  болып табылды.Осылайша соттар және «Сот кабинетін» пайдаланушылар енді орындау мәртебесін алады.

Өз сөзінде Д.Тілеубаев атқарушылық іс жүргузуді қозғаудан   негізсіз бас тартылуы сот актілерінің уақытылы орындалуына тосқауыл жасалатынын айтып өтті.

Кеңсе меңгеруші Р.Майриховпен жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты қозғаудан бас тартқан болатын нақты істер  бойынша мысал келтірілді.

Сот актісінің  орындаудағы  мәселелік сұрақтары бойынша сот орындаушылары Токберген А., Базарбаев Т. Дуйсен  М. Және  сот отырысының хатшылары айтып өтті.

Назар аударатын негізгі атқарушылық іс жүргізуден бас тарту себептері арызданушының арызының болмауы, заңды күшіне енгені туралы анықтаманың болмауы болып табылды, дегенмен  заңды күшіне енгендігі туралы белгісі бар атқару парағына салынған.

«Дөңгелек үстел» қорытындысында сот орындаушылары негізсіз атқарушылық іс жүргізуден бас тартуды қысқарту үшін ортақ тәжірибе орнату қажеттіген айтып өтті және жеке сот орындаушылар айтылған мәселерді назарға алатындарын сендірді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алатау аудандық соты