Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық сотында Әль-Фараби атындағы КАЗҰУ-нің студенттерімен, қатысуымен соттың қызметі туралы «Семинар-трейнинг» өтті.  

Ашық есік күнін өткізу шеңберінде соттың кеңсе меңгерушісі А.Байбатырова, қатысушыларға ақпараттық жүйе «Төрелік» және «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Студенттерге «Сот кабинеті» мобильді қосымшаны пайдалану әдістемесі,
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің ақпараттық арналарын көру мүмкіндігі, сот тыңдауларының тізімі, онлайн режимінде қарау және тағайындалған сот отырыс туралы ақпараттарды табу, сот органдарында берілген сот құжаттарын бақылау мәртебесі, күнтізбеде оқиғаны жасау, сонымен қатар сот отырысына қатысушы болып табылатын тұлға бойынша сот отырыстары туралы ақпарат көрсету  таныстырылды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты