«Ахуалдық орталық жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбына тренинг жүргізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында судьялар мен сот мамандары арасында «Ахуалдық орталық жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Д.Н. Мәукеев «Ахуалдық орталық жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында судьялар және сот мамандарына тренинг жүргізді.

Тренинг барысында сот төрағасы Д.Н. Мәукеев тренингке қатысушылардың барлығын республиканың барлық  соттарынан келіп түскен сот қызметінің біріңғай мониторинг жүйесін онлайн режимінде ұсынатын және маңызды сот ақпаратының тәулік бойы жинау және талдауды жүргізетін ҚР Жоғарғы Сотының Ахуалдық Орталықтың негізгі жұмысымен таныстырды.

Сот төрағасы Д.Н. Маукеев мониторинг процесінде процессуалдық мерзімін, сот төрелігін іске асыру сапасын, сот отырысының уақытылы басталуын, сот актілерінің «Төрелік» ақпараттық жүйесіне салуды, сот шешімдерін уақытылы орындау үшін жолдауды сақтау бойынша бақылау жүргізілуі тиіс және сот отырысын кезінде әдепсіз қылықты анықтау мақсатында сот отырысын қарап өту және басқа да іс шаралар жүзеге асырылатындығы туралы айтып өтті.   

Қорытындылай келе, процессуалдық мерзімдерді  сақтау және «Төрелік» Ақпараттық жүйесіне уақытылы сот актілерін салуды, сақтауға бақылау бойынша  шаралар қолдану туралы сұрақтар талқыланды.  

 

Қайнар: 
Медеу ауданының №2 аудандық соты