Адам өлтіргендері үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7)-тармағымен (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтiру), 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) көзделген қылмыстарды жасаған Б. мен Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сотпен 2017 жылдың 26 қаңтарында сағат 23-те сотталушылар Б., Е. және жәбірленуші Ш. спирттік ішімдіктерді ішкеннен кейін пайда болған төбелестің барсында Б. асхана пышағымен қаруланып, Ш.ның арқасынан ұрған, Б.-мен топ болып әрекеттенген Е. болса жәбірленушіге қатысты күрестің тұншықтыру әдісін қолданып, ұстап тұрып, оны бірнеше рет аяқпен денесінен тепкен. Өз кезегінде Б. жәбірленушінің арқасынан, кеудесінен ішінен пышақпен соғуды жалғастыра беріп, мойынын кесіп тастаған. Алынған жарақаттардан соңғысы сол жерде қайтыс болған. Кейін сотталушылар Ш.-ны киіммен жауып, өртеп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.

Сот  үкімімен Б. мен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігімен 99-бабы 2-бөлігі 7)-тармағымен, 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен сотталған. ҚК-нің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес Б.-ға 18 жылға, Е-ге 17 жылғабас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды. Жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Сондай-ақ сотпен ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігі 2)-тармағына сәйкес Б.ның әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты