200 айлық көрсеткіш айыппұлға жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 08 қаңтарында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабымен және 469 бабымен Тулегенова Гузель Ахметовнаға қатысты әкімшілік іс түсті.

Көлік жүргізуші Г.А.Тулегенова 2014 жылы 08 қараша күні «Шевролет» маркалы автокөлік құралын басқарып, Алматы қаласы Құрманғазы көшесімен шығыс бағытта келе жатып Шағабутдинов көшесінің қиылысында, жаяу жүргінші А.А. Байкулованы қағып кеткен.

 Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші А.А. Байкулованың денсаулығына орташа түрдегі зақым келтірілгені аңықталған. 

2015 жылдың 09 қаңтарда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен, құқықбұзушы Тулегенова Гузель Ахметовнаны Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 468-1 бабымен (Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол жүрісі және көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) кінәлі деп танылып, оған 200 айлық көрсеткіште айыппұл салынды, ал Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 469 бабымен қозғалған әкімшілік істі әкімшілік құқықбұзушылықтың құрамының болмауына байланысты іс сот өндірісімен қысқартылды.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының Баспасөз қызметі