04.08.2017 жылы Алматы қалалық сотында сот төрағасы Н.Ә. Әбдіқановпен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы нәтижесі бойынша сот төрелігін жүзеге асыру бойынша брифингі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотының төрағасы республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қала соттарымен атқарылған жұмыс көрсеткіштері және қазіргі кезде судьялардың алдында қойылған негізгі мәселелері бойынша толық баяндап  өтті.

Алматы қаласы соттарының  жүктемесі көбейіп жатқаны және Қазақстан Республикасы бойынша орта көрсеткіштен асқаны аталып айтылды. Қала соттарына келіп түскен істердің саны жүзмыңдық көрсеткішке жетіп, бұл 2016 жылдың көрсеткіштері мен салыстырғанда айтарлықтай асып, 2012 жылдың бір жылдық көрсеткішіне жетті.

2017 жылдың 6 айында 97 521 іс қаралды, оның ішінде 78 750 азаматтық, 15973 әкімшілік және 2 798 қылмыстық істер.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 71 039 азаматтық іс қаралған болса,  2016 жылы 48 779 азаматтық іс қаралды, яғни 45,6 пайызға асты. Аталған мерзімде 2 7 98 қылмыстық іс келіп түсті, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артты.

Сонымен қатар, қиын және үлкен қоғамдық қызығушылық тудыратын қылмыстық істердің айтарлықтай үлесімі Алматы қаласы соттарына келіп түсетінін ұмытуға болмайды.

Сот төрағасы Н.Ә. Әбдіқанов Алматы қаласы соттарының жүктемесі көбейгенімен, сот төрелігін асыру көрсеткіштері жоғары деңгейде екенін айттып өтті. Бұл мәліметтер нақты дәлелдемелермен нақтыланды.

Дауларды сотқа дейінгі бітістіру рәсімдерімен қарау шаралары белсенді түрде енгізіліп жатыр: 2017 жылы медиация тәртібімен 764 азаматтық  және 807 қылмыстық іс, партисипативті рәсім тәртібімен 12 іс  қаралып бітті. Шығарылған сот бұйрықтарының саны 12 268 тен 14 070 дейін артты, жеңілдетілген тәртіпте 37 821 іс, бітімгершілік келісіммен 393 іс қысқартылып қаралды.

Бұл шаралар судьялардың жүктемесін айтарлықтай жеңілдетеді және ауыр азаматтық істерді қарауға уақытты арттырады.

2017 жылдың 17 шілдесінен бастап Алматы қаласы соттарында сот бұйрығын шығару туралы арыздар, арызды тіркеуден сот бұйрығын  орындауға жіберуге дейін элетрондық түрде қаралып жатыр.

Алматы қаласы соттарында нотариалды жазбаны іске асыру бойынша сынамалы жобаны жүзеге асыру үшін іс шаралар жүргізіліп жатыр.  Бұлда дауларды  сотқа дейін шешудің тиімді тәсілі.

Брифинг соңында сот төрағасы Н.Ә. Әбдіқанов журналисттермен сұқбаттасып, жоспарлармен бөлісіп, БАҚ өкілдерінің талап-тілектерін тыңдады. 

 

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі