Сот жүйесінің ардагерлері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Нұрбеков Марат

25.06.1942 жылы туған. 1972 ж. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, 1972-1977 жж. – Оңтүстік Қазақстан обл. сотының судьясы. 1977-1982 жж. – Маңғышлақ обл. сотының төрағасының орынбасары. 1982-1987 жж. – Маңғышлақ обл. Әділет басқармасының бастығы. 1985-1991 жж. – Оңтүстік Қазақстан обл. сотының төрағасы. 1991-1996 жж. – ҚР Әділет министрінің орынбасары. 1999-2003 жж. Оңтүстік-Қазақстан обл. сотының төрағасы. 2003-2007 жж. – Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы. 2007-2008 жж. – Алматы қалалық сотының судьясы. «Құрмет» орденінің кавалері. «Үш би» құрмет белгісімен, «Үздік судьясы» медальдарымен марапатталған.

 

Камалов Құрбанғали Әзизұлы

10.11.1946 жыл туған. 1975ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, Көкшетау қалалық сотында судьяға сынақтан өтуші қызметін атқарды. 1976ж. – Көкшетау облысы Ленинград ауданының судьясы. 1982ж. – Көкшетау облысы Арықбалық ауданының судьясы. 1986ж. – Алматы облыстық сотының судьясы. 1999-2009жж. – Алматы қалалық сотының судьясы. 2001ж. – Алматы қалалық судьяларының тәртіптік-біліктілік алқа төрағасы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Құрмет грамотасымен, «Үш би» құрметті белгісімен марапатталған.

 

Темірханов Болат Әбілкәрімұлы

31.01.1950 жылы туған. 1981ж. Р.А. Руденко атындағы Свердлов Заң институтын бітірген. 1981ж. – заңгер-консультант. 1982ж. – Гурьев облыстық сотының мүшесі. 1986ж. – Гурьев облысы, Ембі аудандық сотының төрағасы. 1989ж. – Алматы облысы, Балхаш аудандық сотының төрағасы. 1994ж. – Алматы облысы, Еңбекші қазақ аудандық сотының төрағасы. 1995-2010жж. – Алматы қалалық сотының судьясы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.

 

Қаракозиева Светлана Аңдамасқызы

11.08.1951 жылы туған. 1977ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1977ж. – Гурьев облыстық сотында судьяға сынақтан өтуші. 1978ж. – Гурьев қалалық халық сотының судьясы. 1989ж. – Гурьев облыстық сотының мүшесі. 1993-2010жж. – Алматы қалалық сотының судьясы. «10 жыл Астана» медалімен, «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.    

 

Бағаев Ерболат Ұзақұлы

10.07.1956 жылы туған. 1979ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1979ж. – Алматы облысының Шелек ауданында тергеуші. 1981ж. – Алматы облыстық ішкі істер басқармасының оперативтік қызметкері. 1992ж. – Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьясы. 1996-2008жж. – Алматы қалалық сотының судьясы.

 

Айбасов Сансызбай Құсайнұлы   

23.07.1948 жылы туған. 1973ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1973ж. – Қазақ ССР Әділет министрлігінің орталық аппаратында жауапты қызметкер болды. 1981ж. – Алматы қаласы Калинин аудандық сотының судьясы. 1987ж. – Қазақ ССР Прокуратурасында бөлім прокуроры. 1994ж. – ҚР Жоғарғы Кеңесінің заң консультанты. 1995-2010жж. – Алматы қалалық сотының судьясы.  

 

Бейімбетов Адайбек Шаңқұлұлы  

8.03.1950 жылы туған. 1978ж. Ташкент мемлекеттік университетін бітірген. 1978ж. -  прокуратура органдарында қызмет етті. 1986ж. – Қарақалпақ АССР Жоғарғы Сотының мүшесі. 1992ж. – Алматы облыстық прокурорының аға көмекшісі, Алматы облыстық Әділет басқармасы төрағасының орынбасары. 1993ж. – Алматы қалалық сотының судьясы.  

 

Шостак Борис Абрамович

19.11.1941 жылы туған. 1965ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1965-1978жж. – Алматы қаласы прокуратурасында қызмет еткен.1978-1982жж. – Алматы қалалық сотының судьясы. 1982ж. – Фрунзе аудандық сотының төрағасы. 1991-1997жж. – Алматы облыстық сотының қылмыстық істер алқасының төрағасының орынбасары. 1997-2005жж. – Алматы қалалық сотының судьясы. 2005 Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты.