Сот медиациясының пилоттық жобасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Дауды шешудің балаламалы әдісі - медиацияны қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2014 жылдың сәуір айындағы өкімімен судьяның қатысуымен өтетін бітімгершілік рәсімді (сот медиациясы) азаматтық сот өндірісіне енгізудің пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жаңа енгізілім Азамататтық-іс жүргізу кодексінің жаңа жобасында қарастырылған.

Сот медиациясы – бұл сот процесіне қатысушы тараптардың дауын (жанжалын) судьяның бітімгершілік рәсім жүргізуі арқылы реттеуі.

«Сот медиациясы» пилоттық жобасы Алматы қалалақ сотында және аудандық және оған теңестірілген соттарында жүзеге асырылатын болды.  

Ол үшін Алматы қаласының соттарында бітімгершілік рәсімдерін өткізуге арналған арнайы кабинеттер ашылды.

Пилоттық жобаның үйлестірушісі Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы С. Сеитова бекітілді.

Алматы қалалық сотының Баспасөз қызметі