ЭБІ бойынша жаднама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Іс бойынша мәліметтерді ғаламтор арқылы қалай алуға болады

«Электрондық бақылау іс жүргізуі»

Электрондық бақылау іс жүргізуі  сот процессіне қатысушыларға іс материалдары  бойынша автоматтандырылған режимде, пароль арқылы мәліметтерді және құжаттарды электронды түрде алуға мүмкіншілік береді. 

Парольді алу үшін сотқа қатысушы тұлға сотқа келіп, жауапты кеңсе маманына жеке басын анықтайтын куәлігін, ЖСН-ін және толық Т.А.Ә., және электрондық адресі көрсетілген жазбаша арызын  тапсыруы қажет.

Аталған талаптар сақталмаған жағдайда  іс материалдары  бойынша мәліметтерді және құжаттарды электронды түрде алуға пароль беруден бас тартылады.

Пароль қолхатпен беріледі, пароль алушы тұлғаға парольмен қолдану тәртібі мен жеке жауапкершілігі және парольдің күшін жою туралы өтінішімен жүгіну құқығы түсіндіріледі.

Іс бойынша мәліметтерді қарау және сот актілерін алу, электронды түрдегі құжаттарды қарау сот жүйесінің электрондық ресурстары арқылы тек қана сот кеңсесінен пароль алған  сотқа қатысушы тарапқа ғана беріледі.

Іс бойынша мәліметтерді және сот актісін, электронды түрде алу үшін ЖСН және пароль арқылы электрондық ресурста web-браузердегі  http://enp.supcourt.kz  сілтемесі бойынша «Істі іздеу» бөлігінен қарауға болады.

Істі қарау үшін сот процессіне қатысушы тұлғаға өзінің ЖСН-ін және іс қаралып жатқан соттың кеңсесінен алған паролін көрсету қажет.

ЖСН мен парольді еңгізгеннен кейін «Табу» функциясын таңдау қажет.

Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында іске қатысушы тұлғалардың элекронды түрде келтірген барлық өтініштері электрондық бақылау іс жүргізу өндірісінде тіркеледі.  

Істер бойынша барлық мәліметтер және өтініштер электрондық бақылау іс жүргізу өндірісі бойынша Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде келесі мәліметтерді қоса отырып сақталады:

1.  Күні және уақыты;

2.  Сотқа қатысушы тұлғаның ЖСН-і;

3.  Сотқа қатысушы тұлғаның  ІР- адресі;

4. Іс бойынша мәліметтер.