Аймақтық оқу орталығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Аймақтық оқу орталығы

2006  жылдың қараша айында Алматы қалалық сотында Аймақтық оқу орталығы құрылды. Оның алдына судьялардың біліктілігін арттыруда интерактивті тәсілдерді қолдану міндеті қойылды. Оқу орталығына  ҚР  Жоғарғы Сотының судьялары, Жоғары сот  Кеңесінің, Судьялар Одағының өкілдері әдістемелік көмек көрсетеді. Олардың қатысуымен сот жүйесін қайта құру және әкімшілік өзгертулер мәселелері бойынша бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Ғалымдардың, құқық қорғау, салық органдарының қызметкерлерінің, сарапшылардың, адвокаттардың, әр алуан шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, қоғамдық  бірлестіктердің заңгерлерінің қатысуымен жүргізілетін сабақтар қызғылықты және мазмұнды өтеді. Көкейтесті проблемаларды талқылау теория және тәжірибе бойынша міндеттерді сәтті шешуге көмектеседі. Сабақтар пленарлық және секциялық формада өткізіледі, олардың ішіндегі ең қызықтылары күнделікті жұмыста пайдалану үшін бейнежазба түрінде сақталады.

Құқық нормаларын қолданудағы жұмыс тәжірибесі үлкен судьялар Оқу орталығының лекторлар тобына кіреді. Жаңадан тағайындалған судьялар үшін менторлық бағдарламасы бар, оның шеңберінде кәсіби мамандар жас әріптестеріне іс жүргізу, материалдық құқық нормаларын қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.

Оқыту бағдарламаларының тақырыптарын әзірлеуге аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына сауалнама жүргізу мүмкіндік берді, бұл олардың оқуға қажеттіліктерін  зерделеуге көмектесті. Судьялардың басым көпшілігі топтарда талқылау тәсілімен оқығанды қалайды, көпшілігі семинарларды нәтижелі деп есептейді. Тілектердің ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: оларға электрондық пошта арқылы жіберілетін оқытушы материалдар негізінде өз бетімен қашықтан оқу, дөңгелек үстелдер, республикалық, аймақтық конференциялар, тренингтер, лекциялар формасында оқу. Жартысына жуығы оқыту кезінде дифференциацияны қалайды: аудандық соттар және қалалық сот ұжымдары арасында ғалымдарды, сарапшыларды, прокуратура өкілдерін, практиктерге артықшылық  бере отырып, шақыру арқылы.

Алматы қаласының судьялары құқықтық насихаттау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізіп келеді, БАҚ-тарда сөз сөйлеп, оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде лекциялар оқиды, халықаралық, республикалық және аймақтық семинарларға қатысады. Сот тәжірибесін қорытындылай және қателіктерді айқындай отырып, заң жобаларына ұсыныстар мен ескертулер енгізеді, сол арқылы заңды жетілдіруге, әділсот жүргізу сапасын жақсартуға ат салысады.